Елімізде көп балалы аналар жәрдемақыны қашықтықтан рәсімдей алатын болды

Көп балалы отбасыларға жәрдемақы 2020 жылдың басынан бері төленеді. Жәрдеақыны көп балалы әйелдер ала алады. Қазір 487 мыңнан астам қазақстандық отбасы жәрдемақы алады. Оның ішінде 63 437 әйел "Алтын алқа", 138 571 әйел "Күміс алқа" иегерлері.
2022 жылы жәрдемақы:
4 балаға 49100 теңге;
5 балаға 61 383 теңге;
6 балаға 73 666 теңге;
7 балаға 85 948 теңге;
8 балаға 98230 теңге;
Одан кейінгі балалар үшін +4 АЕК.
Қазақстанда 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар көп балалы отбасы болып саналады.
6 баланың өмірге әкелген көп балалы аналар "Күміс алқа" алқасымен, 7 және одан да көп бала туған аналар "Алтын алқа" алқасымен марапатталады.
Проактивті қызмет ұсынысы бар 1414 нөмірінен SMS-хабарламаларды алу үшін телефон нөміріңіз азаматтардың деректер базасында тіркелуі керек. Егер қандай да бір себептермен SMS арқылы қызметті ала алмасаңыз, бұрынғыдай ХҚО-ға жүгіне аласыз.