Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 13 жоба іске асырылмақ

13 жоба іске асырылмақ

Қызылорда облысының кен орындарында мұнай өндірудің жыл сайынғы табиғи төмендеуі байқалады.
Сол себепті ҚР Энергетика министрлігі мен Ұлттық экономика және қаржы министрлігі бірлесіп жер қойнауын пайдаланушыларды қолдау және кен орындарының өмірлік циклін ұзарту мақсатында қайта инвестициялау мәселесін пысықтауда.
Мемлекеттік теңгерімдегі газдың алынатын қоры 39 млрд.текше метрді құрайды. Оның 80 пайызы бос газ болып табылады. Оны өндіру экономикалық тұрғыда тиімсіз. Осыған байланысты газ өндіру мен қайта өңдеу көлемін ұлғайту , сондай-ақ газ сатып алудың жаңа формуласын енгізу өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Бүгінде Қызылорда облысының газдандыру деңгейі 70 пайызды құрайды. 584 мың адам табиғи газбен қамтамасыз етілген.
Биыл Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламасы аясында Қызылорда облысы бойынша 13 жоба іске асырылмақ. Атап айтсақ Төретам, Ақай, Бірлік, Қыраш, Жайылма, Еңбекші, Абай, Досан, Шалхия, Құттықожа, Кейден және Жиделіарық елді мекендеріне газ желілері жүргізіледі.
Облыста сұйытылған газ да кеңінен пайдаланылады. Қызылордалықтарға 6 газ толтыру станциясы және 178 автомобильге газ құю станциясы қызмет көрсетіп отыр.
05 сәуір 2023 ж. 584 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 173

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031