Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отандық ғалымдар бидайдың жаңа сортын ойлап тапты

Отандық ғалымдар бидайдың жаңа сортын ойлап тапты

А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ғалымдары астықтың жаңа сұрпын ойлап тапты, деп жазады.baq.kz
Жаздық жұмсақ бидайдың жаңа сортына ғалымдар «Таймас» депген ат берген.
Өткен жылы мемлекеттік тексерістен сәтті өткен сұрыпқа бүгінгі таңда патент беріліп, тұқым ретінде молайтып таратуға мүмкіндік туды.
Асыл тұқымды «Таймас» сортын А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ғалымдары 15 жыл бойы зерттеп-зерделеген. Ұзақ жыл бойы дайындалған сұрыпқа ғалымдар биыл ғана мемлекеттік патент алған. Бұл туралы бізге орталықтың Жаздық жұмсақ бидай селекциялық-зертханасының меңгерушісі, жас ғалым Елжас Қайыржанов айтып берді.
А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы еліміздің селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген. Астық шаруашылығы орталығы мамандары жаңа сорттың құрғақшылыққа төзімді екенін айтып отыр. «Таймас» - пісу түріне сәйкес орта маусымдық сорттарға жатады.
Астық сапасының технологиялық көрсеткіштері бойынша «Таймас» сорты күшті бидай сұрпына жатады. Мұндағы шикі клейковинаның мөлшері – 32,3-34,5%, ақуыз – 15,1-15,7%. Сорттың өнімділігі де аса жоғары. Зерттеу жылдарында жаңа сортымыз максималды өнімділікті көрсетіп, гектарына 38,5 центнер астық берді. Жаңа сорт Солтүстік Қазақстан табиғатында өсіруге қолайлы, - деді жас ғалым Елжас Қайыржанов.
Ұжымның бірлесіп жасаған жұмысының нәтижесінде еліміздің солтүстік өңірлеріне аса бейінді бұл сорт түрі алқаптарда кездесетін түрлі ауруларға төзімді. Мысалы сары тот ауыруына төзімділігі жайлы ғалым өз пікірін айтты.
Оның сөзіне қарағанда, сары тот ауыруы бидай тұқымдасының өсуі мен жетілуіне айтарлықтай зиян келтіреді. Ғалымдардың есептеуі бойынша бұл ауруға шалдыққан бидай алқабының өнімділігі 30-40%-ға төмендейді екен. Ал «Таймас» бұл ауруға төзімді болып шыққан.
Қазіргі уақытта элиталық тұқым түрін көбейту жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр. Алдағы екі жыл ішінде жеткілікті мөлшерде көбейтіп тұқым ретінде өзге тұқым шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарына жөнелту жоспарлануда,- дейді Елжас Қайыржанов.
28 ақпан 2023 ж. 300 0

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 47

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 92

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 142

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 150

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031