Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде астық жинау науқаны аяқталуға жақын

Елімізде астық жинау науқаны аяқталуға жақын

Елде астықтың 95%-і орылды. Бүгін Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында осылай деп мәлемдеді.
Биыл өнімнің жалпы көлемі 18 миллион тоннаға жетуге тиіс. Бұл астық Қазақстанның қажеттілігін молынан қамтамасыз етеді. Мұның сыртында 6 тоннадан астамы шетелге экспортталады. Биыл өнімнің сапасы жоғары. Бидайдың қамырлық көрсеткіші 74%-ке жетіп отыр. Қазір биылғы қуаңшылықтың салдарынан әлемде астық жетіспеушілігі сезіледі. Енді экспорттаушы елдер біраз табыстан қағылуы мүмкін. Ал біздің елдің экспорттық әлеуетінің сақталуы ерекше маңызға ие.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:
- Жаңа егіннің сапалық көрсеткіштері айтарлықтай өсті. Дән маңызы 28%-дан асатын жоғары сапалы «Hi-Pro» бидай көлемі жиналған астықтың жалпы көлемінің 74%-іне жетті. Бұл санаттағы бидай әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие. Үкімет басшысы форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өндірушілерінің «Азық-түлік келісімшарт корпорациясына» астық жеткізуді қамтамасыз етуі қажет. Облыс әкімдіктеріне және Ауыл шаруашылығы министрлігіне егін жинауды қысқа мерзімде аяқтау, 2022 жылғы егінге қажетті тұқым қалдыруды қамтамасыз ету тапсырамын. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өндірушілерін астықты тұрақты тасымалдау үшін жылжымалы құраммен қамтамасыз ету шараларын қабылдауға тиіс.
21 қыркүйек 2021 ж. 481 0

КӨПКЕ ҮЛГІ АРДАГЕР

08 сәуір 2025 ж. 39

ӘЛЕМ ӘБІГЕР ҮСТІНДЕ

08 сәуір 2025 ж. 38

Не үшін кітап оқу керек?

07 сәуір 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930