Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл елімізде газ тұтыну көлемі 20 млрд текше метрге жетеді

Биыл елімізде газ тұтыну көлемі 20 млрд текше метрге жетеді

Биыл елімізде газ тұтыну көлемі 20 млрд текше метрге жетеді. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүкіл әлемде жыл сайын экологиялық таза энергия ресурстарына, ең алдымен газға сұраныс артып келеді. Демографиялық өсуді, жыл сайын өнеркәсіптік объектілердің іске қосылуын және жеке секторды газдандыруды ескерсек, Қазақстанда да бұл мәселе өте өзекті болып отыр. Егер 2020 жылы газ тұтыну көлемі шамамен 17 млрд текше метрді құраса, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 19 млрд, ал биыл 20 млрд текше метр болады деп күтіліп отыр», - деді ол Үкімет отырысында.

Осы ретте Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы елді газдандыруды 60 пайыз деңгейіне жеткізу жөнінде міндет қойғанын еске салды.

«Жалпы 1800-ден астам елді мекенге газ тартылуы тиіс. 11,8 млн астам қазақстандық «көгілдір отынға» қол жеткізуі керек. Бұл тапсырманы Энергетика министрлігі, ҚазМұнайГаз және QazaqGaz компаниялары мен әкімдер толық көлемде орындауы тиіс», - деді Премьер-Министр.
22 ақпан 2023 ж. 222 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930