Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су пайдалану лимиті белгіленді

Су пайдалану лимиті белгіленді

Нақты кезеңде Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 200 текше метр су жіберілуде. Бүгінде «Шардара» су қоймасында жинақталған су көлемі 5 млрд текше метрді құраса, «Көксарай» су реттегішінде 783 млн текше метр су жиналды. Қазір аймақта 21 канал тазаланып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов хабарлады.
– Биыл жалпы ұзындығы 1034 шақырымды құрайтын 162 каналды тазалау, 156 дана насос қондырғысын сатып алу және 322 дана гидротехникалық құрылысты жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар  облыстық бюджет есебінен «Келінтөбе» магистралды каналының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленеді. Бірнеше аудан каналдары тазаланып, елді мекендерге 23 насос қондырғысы жеткізіледі, – деді басқарма басшысы.
Облыс аумағынан секундына  450 текше метр су өтуде. Ал 16 сәуірден бастап «Көксарай» су реттегішінен төменге 200 текше метр су босатылады.
– Қазір «Қызылорда» су торабынан 382, «Әйтек» су торабынан 259 текше метр су өтуде. Алдағы уақытта вегетация кезеңінде «Шардара» су қоймасынан секундына 500 текше метр су жіберіледі деген болжам бар, – деді «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы су пайдалануды басқару мен реттеу бөлімінің басшысы.
– Су тапшылығының алдын алу үшін вегетация кезеңіне дейін ұзындығы 50,1 шақырымды құрайтын 9 каналға механикалық тазарту жұмыстары межеленген болатын. Қазір 6 каналды тазалау жұмыстары толық аяқталды. Вегетация кезеңінде «Шардара» су қоймасынан болжамды түсетін 2,3 млрд текше метр суды есепке ала отырып, осы жылға арналған су пайдалану лимитін белгіледік. Үкіметтің резерві есебінен облыс бойынша республикалық меншіктегі 17 каналға механикалық тазарту жұмыстары жоспарланды, – деді «Қазсушар» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров.

«СБ» ақпарат
17 сәуір 2022 ж. 723 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 182

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930