Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады
Синоптиктер 21 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды.azattyq-ruhy.
«Атлантикалық циклон жырасының және соған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – қар жауып, бұрқасын болады, батыс және шығыс аудандарында және оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Тек еліміздің оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Республика бойынша көктайғақ болып, жел күшейіп, тұман түседі.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде қатты қар жауады.
Алматыда бүгін жауын-шашын болмайды, күндіз термометр 8-10 градус жылыны көрсетеді, түнде бағана 0...-2 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік астанада жел жылдамдығы секундына 0-5 метрге жетеді.
Шымкентте де бүгін жауын-шашын болмайды, ауа температурасы күндіз +16...+18 градусқа дейін көтеріледі. Түнде қалада тек +3...+5 градусқа дейін төмендейді. Бұл ретте тұрғындарға желдің 5-10 м/с күшейетіні ескертіледі.
Астанада бүгін көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, термометрлер 0-ден -2 градусқа дейінгі аралықты көрсетеді. Елордада желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады.