Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қос бірдей жүлде қоржында

Қос бірдей жүлде қоржында

Жуырда «Ұлттық мектеп лигасы» аясында волейболдан «Шұбар доп» 7-8 сынып қыз балалар арасында аудандық іріктеу кезеңі өткізілді. Аталған іріктеу кезеңінде білікті ұстаздар Құнанбай Қантайұлы мен Сәкен Құмарбаев баптайтын №266 мектеп-лицейдің құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп бірінші орын иеленіп, аудандық кезеңнің жеңімпазы атанды.
Сонымен бірге «Шұбар доп» 7-8 сынып қыз балалар арасында облыстық кезеңде бақ сынау мүмкіндігіне ие болды. Бұдан бөлек қос ұстаздың 5-6 сыныптардан жасақталған екінші құрамасы дәл осы «Ұлттық мектеп лигасы» аясында волейболдан «Шұбар доп» 5-6 сынып қыз балалар арасында аудандық іріктеу кезеңде жүлделі екінші орынды иеленді. Осылайша №266 мектеп-лицей қос бірдей жүлдені қоржынға салды.
Жеңіс тұғырынан көрінген спортшы қыздарды мектеп-лицей директоры Сейілхан Бердібекұлы құттықтап, алдағы уақытта да тек жеңістеріңмен қуанта беріңіздер деп тілегін жеткізді.
«Спорт – денсаулық кепілі». Білім-ғылымды игерумен қатар, денсаулығы мықты ұлт қана бәсекеге қабілетті бола алатыны белгілі. Жалпы аталған білім ордасында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін және бұқаралық спортты дамыту мақсатында 15-ке жуық үйірме жұмыс істейді. Оған 900 бала тартылған. Спорттың футбол, баскетбол, волейбол, гандбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, асық ату, гір тасын көтеру, қол күрес секілді түрлерінен шыңдалған шәкірттер үнемі жеңіс тұғырынан көрініп жүр.
Әрине жеңіске жетуге себепкер болған жақтықтырушының да еңбегін айта кету керек. Себебі бұл тәлім берген жаттықтырушының да, талантты спортшының да қажырлы еңбегінің нәтижесі. Сондықтан дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Құнанбай Қантайұлы мен Сәкен Құмарбаев мықты команда жасақтағаны үшін әріптестері алғыс білдіріп, алдағы жарыстарда тек сәттілік тіледі.
Құнанбай АЛТАЕВ,
№266 мектеп-лицейдің
денешынықтыру пәнінің мұғалімі

31 қаңтар 2023 ж. 285 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930