Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

26 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктері 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Еліміздің батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлері жоғары атмосфералық қысым аумағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Басқа аймақтарда қар жауады, жаяу бұрқасын болуы мүмкін, жел күшейеді, тек батыста және оңтүстікте тұман түседі.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде және шығысында 25 градус қатты аяз болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады. Жел оңтүстік-батыстан 7-12, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -18-20, күндіз -11-13 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел жылдамдығы 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -2-4 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -11-13, күндіз +1+3 градус болады.
26 қаңтар 2023 ж. 1 017 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930