Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі ел ағаларымен бірге желтоқсан оқиғасында қаза болғандарға тағзым етті

Облыс әкімі ел ағаларымен бірге желтоқсан оқиғасында қаза болғандарға тағзым етті

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Сыр елінде 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне орай және желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алуға арналған арнайы іс-шара өткізілді.
Тағзым алаңына жиналған қауым Желтоқсан оқиғасында ұлт болашағы үшін құрбан болған жастарды бір минут үнсіздікпен еске алды.Шараға Сыр жұртшылығының атынан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев зиялы қауым өкілдерімен бірге қарусыз қаһармандарды еске алып, тағзым етті.
Аймақ басшысы Тәуелсіздік үшін күрескен жерлестеріне алғыс білдіріп, олардың ғибратты ғұмырын басқарларға үлгі, өнеге ету – басты парыз екенін атап өтті.— Желтоқсан – қазақ халқы үшін қасіретті әрі қасиетті ай.Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде Тәуелсіздігімізді жариялауымыздың символдық мәні зор. Бұл орайда, азаттықтың алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы керек», – деді.Біз әр кезеңдегі қиын-қыстау шақтарда халқымыздың қалқаны болған батыр ұл-қыздарымызды мақтан етеміз. Тәуелсіздікке ұмтылған қазақжастарының бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. «Желтоқсан қаһармандарының» ерлігі мен өрлігі тәуелсіз Қазақ елімен бірге өмір сүріп, есімдері халық жүрегінде жасай береді,-деді облыс әкімі Н.Нәлібаев.
Мұнан кейін ел тарихындағы зұлмат жылдың куәгері, Желтоқсан оқиғасына қатысушы Аманбай Қанетов сөз алып, бостандық үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алды.Шара қорытындысында Тәуелсіздік жолындағы желтоқсан құрбандарының рухына бас иіп, Сыр жұртшылығы атынан тағзым гүлі қойылып, құрбандар рухына арнап облыстың бас имамы Болатбек Абуов құран бағыштады. Жиналған жұртшылық келер ұрпақтың бақыты жолында күрескен боздақтарды еске алып, гүл шоқтарын қойды.
Еске салсақ, қазақ жастарының арасында алаңға шығып, өз құқықтарын талап еткендері үшін жала жабылып, жапа шеккендердің қатарында Қызылорда облысынан 150-ден астам азамат болды. Олардың барлығы дерлік оқудан шығарылып, партия қатарынан шеттетілді.Ел тәуелсіздігін алғаннан кейін 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңына сәйкес, оқиға салдарынан зардап шеккен азаматтар, желтоқсаншылар толық ақталды.

16 желтоқсан 2022 ж. 246 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031