Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Банктің жеке сәйкестендіру кодын алу тәртібі жеңілдейді

Банктің жеке сәйкестендіру кодын алу тәртібі жеңілдейді

Мемлекет тарапынан жәрдемақы алуға өтініш білдірген азаматтар енді банктің жеке сәйкестендіру кодын өзінің тікелей қатысуынсыз аша алады. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Ұлттық банк қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мақсатында клиент атына жеке сәйкестендіру кодын ашу клиенттің уәкілетті органға берген өтініші негізіндегі мәлімет бойынша жүзеге асыруына жол беріледі. Бұл қызмет клиенттің қол қоюын талап етпейтін банк шотын ашу туралы өтінішіне теңестіріледі», деп көрсетілген құжатта.
Енді азамат мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыны алу үшін жергілікті уәкілетті органға жүгініп, тисті құжаттарды тапсырады. Тиісінше, ол ұсынған ақпараттарды құзырлы орган банкке жеке сәйкестендіру кодын ашу үшін жолдайды. Осылайша, азаматтың бұл процесске тікелей қатысып, қол қоюы міндетті болмайды. Дегенмен, өтініш мақұлданып, жәрдемақы тағайындалса, онда клиент өзінің шотына түскен ақшаны бірден пайдалана алмайды. Ол үшін азамат банкпен қызмет көрсету шартын жасасуы қажет. Осыдан кейін қаржы операциялары функциясын қолдана алады.




04 желтоқсан 2022 ж. 343 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 148

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 152

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031