Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы туралы жие қойылатын сұрақтар

Зейнетақы туралы жие қойылатын сұрақтар

1. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін не қажет?
Жеке тұлға міндетті зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасын алып, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның кез-келген бөлімшесіне барып, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш беруі тиіс.
Сондай-ақ жеке зейнетақы шотын сенім білдірілген тұлға/заңды өкіл арқылы ашуға болады, ол үшін:
-сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасы;
-сенімхаттың нотариат куәландырған түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;
-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі қажет.
Бас бостандығынан айыру орындарындағы жеке тұлғалардың мүдделерін білдірген жағдайда оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын беруге болады.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ)есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның пайдасына МКЗЖ төлеу жөніндегі агент:
- жарғы көшірмесін не қарап тексеру үшін оның түпнұсқасын не қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаны тіркеу туралы тіркеуші орган қабылдаған өтініштің көшірмесін және қарап тексеру үшін түпнұсқасын (үлгі жарғыны ұсыну талап етілмейді);
- мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін және қарап тексеру үшін оның түпнұсқасын береді. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы да беруіне болады, бұл орайда құжаттар топтамасына анықтаманың түпнұсқасы қосылады;
- агенттің үшінші тұлғаларға МКЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою өкілеттігін бере отырып берген сенімхаттың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін;
- МКЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қоюға уәкілетті үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын;
- агенттің банктік деректемелерін (бизнес- сәйкестендіру нөмірі (БСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), бенефициар коды (БеК)) береді.

2. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуші ретінде қарастырылатын агенттің филиалы (өкілдігі) жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті ресімдеу үшін қандай құжаттар беруі керек?
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуші ретінде қарастырылатын агенттің филиалы (өкілдігі) жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті ресімдеуі үшін мынадай құжаттарды:
-Филиал (өкілдік) туралы ереженің көшірмесін және қарап тексеру үшін оның түпнұсқасын;
- филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін және қарап тексеру үшін түпнұсқасын береді. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтаманы да беруіне болады, бұл орайда құжаттар топтамасына анықтаманың түпнұсқасы қосылады;
- агенттің үшінші тұлғаларға МКЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою өкілеттігін бере отырып берген сенімхаттың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін;
- МКЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қоюға уәкілетті үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын;
- филиалдың/өкілдіктіңбанктік деректемелерін (бизнес- сәйкестендіру нөмірі (БСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), бенефициар коды (БеК)) береді.

3. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуші агент ретінде қарастырылатын шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті ресімдеуі үшін қажетті құжаттар тізбесі қандай?
Қажетті құжаттар тізбесі:
- қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаны тіркеу туралы тіркеуші орган қабылдаған өтініштің көшірмесі және қарап тексеру үшін түпнұсқасы (үлгі жарғыны ұсыну талап етілмейді);
- мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі және қарап тексеру үшін оның түпнұсқасы. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар мемлекеттік тіркеу туралы анықтама берілуі мүмкін, бұл орайда құжаттар топтамасына анықтаманың түпнұсқасы қосылады;
- агенттің үшінші тұлғаларға МКЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою өкілеттігін бере отырып берген сенімхаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;
- МКЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қоюға уәкілетті үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;
- агенттің банктік деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), бенефициар коды (БеК)).


4. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшы ретінде әрекет ететін жеке кәсіпкер (бұдан әрі – ЖК) үшін жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті ресімдеуі үшін қажетті құжаттар тізбесі қандай?
Жеке кәсіпкер жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті ресімдеуі үшін:
- Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын;
- Жеке кәсіпкердімемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын;
- Жеке кәсіпкердің банк деректемелерін береді;
Жеке кәсіпкердің сенім білдірілген тұлғасы жеке зейнетақы шотын ашу үшін өтініш білдірген кезде:
- сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын;
- нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасын не сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
- Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
- Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын;
- Жеке кәсіпкердің банк деректемелерін береді.

5. Зейнетақы жинақтарының сақталуының қандай да бір кепілдігі бар ма?
Жауап: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сай мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының (бұдан әрі - МЗЖ), мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының (бұдан әрі - МКЗЖ) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен айқындалған тәртіппен адамдардың осы Заңның 11-бабының 1-тармағында және 32-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жасқа толуы кезінде, инфляция деңгейiн ескере отырып, сондай-ақ 31-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген жағдайларда МЗЖ, МКЗЖ нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.
Мемлекет осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған кезден бастап осы Заңның 11-бабы 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейінгі кезең ішінде жүзеге асырылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.
Зейнетақы активтерінің сақталу кепiлдiгi, сондай-ақ:
1) міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруы;
3) зейнетақы жарналарын тартуға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты тиісті талаптарды белгілеу арқылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттеу;
4) тиісті нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды белгілеу арқылы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - ЕЖЗҚ) қызметін реттеу;
5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, акционерлеріне және басшы қызметкерлерiне, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;
6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды белгілеу;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сақтауға қойылатын талаптарды белгілеу;
8) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары мен ақшаны ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен үлестес емес кастодиан-банктерде ғана сақтауына қойылатын талаптарды белгiлеу;
9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты мен зейнетақы активтерiн бөлек есепке алуды жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;
10) зейнетақы активтерiн орналастыру кезiнде әртараптандыруға және тәуекелдердi азайтуға қойылатын талаптарды белгiлеу;
11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiн белгілеу;
12) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудитін жыл сайын жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
13) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдар алдындағы тұрақты есептілігі;
14) салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат берiп отыру;
15) салымшыға (алушыға) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан өзiнiң зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру мүмкiндiгiн беру;
16) салымшының (алушының) таңдауы бойынша зейнетақы жинақтарын толық көлемде немесе iшiнара ерiктi сақтандыру;
17) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледi.
07 наурыз 2018 ж. 1 350 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930