Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қатесі бар мектеп оқулықтары қайта басылып шығарылмақ

Қатесі бар мектеп оқулықтары қайта басылып шығарылмақ

«Ашық НҚА» порталында Оқу-ағарту министрлігінің баспа қатемен басылған оқулықтарды қайта шығаруға міндеттейтін бұйрығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды inform.kz.
Аталған бұйрықтың жаңа нұсқасында бұрын болмаған 24-1 тармақ ұсынылып отыр. Оның мазмұны мынадай:
Оқулықты басып шығару құқығына ие болған баспа мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт бойынша жергілікті атқарушы органдар сатып алған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеннің тиражын келесі жағдайда ауыстырады:
1) Пәндік сараптама комиссиясы бекіткен нұсқадан ауытқу салдарынан жіберілген қателер және басқа да кемшіліктер анықталғанда;
2) арнайы комиссия қолданыстағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенде жалпыға танымал және ғылыми фактілердің бұрмалануын, мәліметтерде (оқиға, күні, аты, тегі, әкесінің аты, атауы, дәйексөз, анықтама, заңдылық, ереже, аксиома, иллюстрация атауында) фактологиялық қателіктердің жіберілуін растағанда.
Бұйрық жобасныда мұндай арнайы комиссия Білім мазмұнын сараптау орталығының қолданыстағы оқулықта және оқу-әдістемелік кешенде қате (қателер) табылған және оны баспа мойындамаған жағдайда құрылатыны айтылған.
«Комиссия құрамына ғылыми, білім беру және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енеді. Олардың саны тақ және бұрын сараптамаға қатыспаған болуы қажет. Шешім баспаның дәлелдеріне қатысты ықтимал қателіктерді жан-жақты және объективті қарау негізінде қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Комиссия мүшелерінің жұмысына ақы төленбейді», - деп жазылған құжатта.
Құжат 28 қарашаға дейін қоғам талқылауына ұсынылып отыр.
14 қараша 2022 ж. 260 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 157

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031