10 градусқа дейін аяз болады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік циклон 22 қазанда Қазақстан аумағына ауысады.
“Оның ықпалымен бірінші кезекте елдің солтүстік жартысында жаңбыр мен қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Тек елдің оңтүстігі мен шығысында жылы ауа райы сақталады. Бірақ 23 қазанда циклон шығысқа қарай жылжуына байланысты ауа райы тұрақсыз сипат алады. 23 қазаннан бастап батыста, 24 қазаннан бастап солтүстікте Батыс антициклон әсерінен жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы төмендейді”, – делінген хабарламада.
Ауа температурасы:
батыста түнде 5 аяз-5 жылы, күндіз 2-12 жылы;
солтүстік, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыста түнде 0-8 жылыдан 0-8 аязға дейін, күндіз 2-10 жылыдан 2 аяз - 5 жылыға дейін төмендейді;
республиканың орталығында түнде 2-10 жылыдан 0-8 жылыға дейін, күндіз 8-18 жылыдан 3 аяз – 5 жылыға дейін төмендейді;
еліміздің шығысында түнде 3 аяз - 5 жылыдан 0-8 аязға дейін, күндіз 12-20 жылыдан 3 аяз - 5 жылыға дейін төмендейді;
оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 5-12 жылы, таулы аудандарда 0-5 аяздан 0-5 жылы, таулы аудандарда 5-10 аязға дейін, күндіз 20-25 жылы, таулы аудандарда 12-17 жылыдан 5-13 жылы, таулы аудандарда 2 аяз-5 жылыға дейін күрт төмендейді.