Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауын-шашын: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы белгілі болды

Жауын-шашын: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы белгілі болды

Қазақстан бойынша 23-25 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамы шықты, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің көп бөлігінде жауын шашын болады.
“23-25 қараша аралығында Қазақстанға Солтүстік-Батыс циклон және онымен байланысты фронтальдық бөлімдер өз ықпалын жалғастырады. Циклон бұрынғыша тұрақсыз ауа райы сипатын сақтайды, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) өтеді, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі” делінген ауа райы болжамында.
Қазгидромет хабарлауынша оңтүстік аймақтарда жылы ауа райы сақталады.
“Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болжанады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте ауа температурасының төмендеуі түнде 2-10-нан 18-23 аязға дейін, күндіз 5 аяздан 5-15 аязға дейін, орталықта және шығыста түнде 0-8 аяз, күндіз 3 аяз–3 жылы, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 6 аяз–3 жылы, күндіз 9-17 жылы болады”, – дейді синоптиктер.
22 қараша 2021 ж. 722 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 116

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 107

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30