Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері елімізде күн суытып, кей өңірде 5 градусқа дейін аяз болады

Алдағы күндері елімізде күн суытып, кей өңірде 5 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қар жаууы мүмкін.«Қазгидромет» РМК 18-20 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
«Атлантикалық циклон жырасының ықпалымен және атмосфералық фронттардың өтуімен алдағы күндері республиканың басым бөлігінде, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр жауады, түнгі уақытта Қазақстанның солтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түсуі мүмкін. Қазақстан бойынша жел күшейіп, батыста, шығыста, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түсуі ықтимал», - делінген ақпаратта.
Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы:
- батыста, солтүстік-батыста түнде +3-8-ге дейін, күндіз +10-20-ға дейін;
- солтүстікте түнде +2-7 градусқа дейін, күндіз +7-12-ге дейін;
- елдің орталығында +3-8 градусқа дейін, күндіз +5-19 градусқа дейін төмендейді;
- шығыста түнде -5 градус аяз бен +5-тен 0-8 градус аязға дейін төмендеп, күндіз негізгі фон +5-13 градус жылы болады;
- оңтүстікте түнде +2-7-ге дейін, күндіз+10-20-ға дейін;
- оңтүстік-шығыста түнде -5 градус аяз, күндіз +5+15 градусқа дейін төмендейді.
17 қазан 2022 ж. 323 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30