Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған концерт өтті

Қазалыда Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған концерт өтті

Қазалы ауданына Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы арнайы келіп, аудан тұрғындарының назарына «Қазақ деген халықтың еркесімін» тақырыбындағы концерттік бағдарламасын ұсынды.
Қазақстанның және КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған концертті аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп ашты.
«Баршаңызды қазақтың бұлбұлы атанған жезтаңдай әнші, Қазақстанның және КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін Роза Тәжібайқызының туған жерінде өтіп жатқан мерейтойлық шаралар да өз мәресіне жетті. Түске дейін апамыздың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында танымдық конференция ұйымдастырылып, жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Түстен кейін Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде республикалық ақындар айтысы өтті. Еліміздің әр түкпірінен келген ақындарды «Алтын домбыраның» 3 дүркін иегері Мұхтар Ниязов өзі бастап келді. «Қазақконцерт» өзінің байырғы гастрольдік сапарларын жаңғыртып, заманауи үлгіде елді мекендерді аралауы сапалы мәдени өнімге қолжетімдікті үйлестіріп қана қоймай, өнерден сусындаған аудан халқын серпілткенін айта кеткен абзал. Еліміздің маңдайалды майталман жұлдыздары мен халықаралық сахналарда шыңдалған жас өнерпаздардың ауданымызға ат басын тіреуі біздер үшін жағымды жаңалық болғаны жасырын емес. Аудан халқын рухани жігерлендірген өнер ұжымына қазалылықтардың атынан алғысымды айтамын», – деді Мұхтар Әуесұлы.
Мұнан соң өнер ұжымына аудан әкімінің «Алғыс хаты» тапсырылып, сый-құрмет көрсетілді.
Сондай-ақ, қазақтың сүйікті әншісі Мақпал Жүнісова да аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Одан әрі күміс көмей әншілер Бағдат Сәмединова, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағанбетова, Құрмаш Махан мен «Азия» тобы және басқа да өнерпаздар мерейтойға әннен шашу шашып, көрерменнің ықыласына бөленді.
03 қазан 2022 ж. 319 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 203

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 172

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 151

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930