Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың қаһарман қызы» атты мерекелік концерт өтеді

Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың қаһарман қызы» атты мерекелік концерт өтеді

2022 жылғы 23 сәуірде сағат 19.00-де Қызылорда қаласында Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында Қазақстанның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ» атты мерекелік концерт өтеді.
Концерттік бағдарламада Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Алтынбек Қоразбаев, Гүлнәр Сиқымбаева, Жеңіс Сейдуллаұлы, Жеңіс Ысқақова, Игорь Благодарный, Айгуль Иманбаева, Асхат Үрпеков, Шаба, Нұрлан Албан, Бауыржан Исаев, Зарина Жакенова сынды әртістер мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі өнер көрсетеді.

Сыр елі – жыр елі талайды таңдай қаққызған тума таланттардан кенде емес. Ән мен сұлулық бәйгесінің тәжін қоса киген алаштың ай маңдайлы аруы, Ұлыбританияда өтетін жыл сайынғы «Әлемнің әйгілі әйелдері» атағын алған қазақ ханымы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы ресми түрде басталып, республика көлеміндегі іс-шараларға ұласып, енді міне, туып өскен жері Сыр елінде ғасырлық тойы тойланғалы жатыр.

Айта кетейік, қазақ өнерінің біртуар әншісіне арналған бұл керемет ән кеші Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткелі жатыр.

Құрметті Сыр елінің тұрғындары!

Сыр топырағынан түлеп ұшқан өнер иесі, ән падишасы Роза Тәжібайқызының әндерін сағынған боларсыздар. Елімізге белгілі өнер жұлдыздары Сіздер үшін ән салады. Келіңіздер, көріңіздер! Мерекелік көңіл-күйге бөленіңіздер!
21 сәуір 2022 ж. 986 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930