Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда TikTok-тың офисі ашылады

Қазақстанда TikTok-тың офисі ашылады

Дархан Қыдырәлі TikTok компаниясының вице-президенті Тео Бэртраммен кездесті.Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Бүгін, сондай-ақ, TikTok компаниясының вице-президенті Тео Бэртраммен кездестім. Бэртрам мырза Google компаниясында жауапты қызмет атқарған, Ұлыбританияның екі бірдей премьер-министріне кеңесші болған тәжірибелі адам.
TikTok Қазақстанда туризм бойынша біріккен жобаларды бастаған екен. Енді баспасөз хатшыларын оқыту, цифрлық сауаттылықты арттыру, әлеуметтік желіні тиімді қолдану жағынан ортақ тренингтер ұйымдастыру туралы айттым. Компания өкілі мұны құптады.
Кездесуде TikTok интерфейсіне қазақ тілін енгізу және қазақша контентті бірлесе дамытуды ұсынды. Компания өкілі желіге қазақ тілін орнату жайы қарастырылып жатқанын жеткізді.
Дархан Қыдырәлінің айтуынша, Министрлік ақпарат, жастар, отбасы және азаматтық қоғамды дамыту бойынша уәкілетті орган болғандықтан, компаниямен креативті контенттер және заманауи сапалы материалдар жасауға мүдделі. Мәселен желіде Bala house, "Ел бірлігі" жобалары жақсы көріліп жатыр. Бұл бағыттағы жобаларды бірге жалғастырып, TikTok хаустарды ұйымдастырамыз. Себебі компания желіде білім беруге қатысты, имидждік контенттерді көбейтуді де жоспарлап отыр екен.
Сонымен бірге Тео Бертрамды жуырда өтетін Astana Media Week апталығына шақырдым. Мәртебелі мейман шақыруымды қабыл алды және ауқымды іс-шараға қатысуға ынталы екенін айтты.
Тағы бір жаңалық, жуырда Қазақстанда TikTok-тың офисі ашылады. Бұл Қазақстанның белгілі компаниямен тығыз байланыс орнатып, елге қажетті дүниелерді ақылдаса отырып жасауға таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын.
Сондай-ақ, Астанада өткен Digital Bridge форумында Мемлекет басшысы Қазақстанның алдында цифрлық трансформацияның басымдықтарын жариялағаны белгілі. Аталған кездесулер Президент қойған міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік беретініне мол сеніммен қарайтынын жеткізді.
30 қыркүйек 2022 ж. 256 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 68

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930