Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы: Абай ауылына көгілдір отын жеткізіледі

Қазалы: Абай ауылына көгілдір отын жеткізіледі

Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кенті мен елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Биылдың өзінде Қазалы қаласы көгілдір отынға қосылып, тұрғындар табиғи газдың игілігін көруде.
Қазіргі таңда аудан орталығына жақын орналасқан Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов, Басықара ауылдарына табиғи газ тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Жақын күндері 3 елді мекеннің халқы табиғи газды тұтынатын болады.
Бұл бағыттағы жұмыстар мұнымен тоқтап қалған жоқ. Бүгінгі күні Абай ауылын газдандыру үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Ол үшін аудандық бюджеттен 10,2 млн теңге қаржы бөлінді.
Жобалаушы «Бірлестік» ЖШС Абай ауылын газдандыру үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, сараптамадан өткізетін болады.
Сонымен қатар, «Бірлестік» ЖШС демеушілік есебінен «Ақтан батыр ауылының орамішілік газ құбырын салу» жобасын дайындауда.
Жобалаушы мекеме тарапынан жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өткізілгеннен кейін құрылысын қаржыландыруға ұсынылатын болады.
12 қыркүйек 2022 ж. 263 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930