Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандар марапатталды

Мамандар марапатталды

Елімізде жыл сайын қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде мұнай-газ кешені қызметкерлері күні аталып өтіледі. Осыған орай бүгін Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында бірқатар сала мамандары марапатталды.
Басқосуда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мұнай-газ кешені қызметкерлерінің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері зор екенін айтып, кәсіби мерекемен құттықтады.
– Біздің қазыналы Қазалы жерінде газ саласының қызметкерлері аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосып келеді. Соның нәтижесінде Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы және Ғани Мұратбаев ауылындағы тұрғын үйлер табиғи газ желісіне қосылған. Биыл аудан орталығына жақын орналасқан Жалаңтөс батыр, Басықара және Қашақбай Пірімов ауылдарын газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Қазіргі таңда біз Абай ауылын газдандыру үшін аудандық бюджеттен қаржы бөліп, жоба-сметалық құжаттарын дайындап жатырмыз. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер, Шымкент қаласында тұратын жерлесіміз Жылқайдар Тәңірбергеновтың демеушілігімен елді мекендерге магистральдық газ құбырын жеткізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өтуде. Жоба жүзеге асқан жағдайда 15 елді мекен газ желісіне қосылады, – деді аудан басшысы.
Мұнан соң бір топ сала қызметкерлеріне аудан әкімінің «Алғыс хаты» тапсырылып, құрмет көрсетілді.
Басқосуда «Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Әйтеке би газ шаруашылығының директоры Қуаныш Сансызбаев әріптестерін құттықтап, аудан әкіміне алғысын жеткізді.
Мерекелік шарада аудан өнерпаздары мұнай-газ кешені қызметкерлеріне арнап әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
06 қыркүйек 2022 ж. 249 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930