Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды

Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды

Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылдыpixabay

Солтүстік Қазақстан облысында қандай жолдар жабылды?

22 қарашада сағат 12:00-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысында үш жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Қостанай – Мамлютка тасжолының 226–406-шақырым аралығында, яғни Қостанай облысының шекарасынан Мамлюткаға дейінгі жолда көлік қозғалысы толық тоқтатылды.
Сондай-ақ Петропавл – Соколовка – Ресей шекарасы тасжолының 11–73-шақырым аралығында, яғни Петропавлдан Ресей шекарасына дейінгі жолмен жүруге болмайды.
Бұдан бөлек, Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей шекарасы тасжолының 491–521-шақырым аралығы, яғни Петропавл мен Мамлютка арасындағы жол жабылды.

Қостанай облысындағы шектеулер

Қостанай облысында да 22 қарашада сағат 12:00-ден бастап көлік қозғалысы тоқтатылды.
Шектеу Қостанай – Мамлютка тасжолының 163–226-шақырым аралығына қатысты. Бұл – Ұзынкөл ауылы мен Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы арасындағы жол учаскесі.
Аталған жолмен барлық көлік түрінің жүруіне тыйым салынды.
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге сапарға шығар алдында жолдағы шектеулерді ескеруге кеңес берді.
Жолдардың жағдайын және көлік қозғалысына қатысты соңғы ақпаратты 1403 нөмірі арқылы білуге болады.
22 қараша 2026 ж. 11 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30