Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2024 жылы бүкіл Қазақстанда 5G қолжетімді болады

2024 жылы бүкіл Қазақстанда 5G қолжетімді болады

2024 жылы бүкіл Қазақстанда 5G қолжетімді болады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта 5G технологиясы бірнеше қалада ілкі режимде іске қосылған. Биыл аукцион өткіземіз. Сол аукционда бірнеше локацияны қамту міндеттемесі болады. 5G-дің қазіргі нұсқасы бүкіл елді мекенді толықтай қамтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бүгінде операторлармен локация бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деді Асхат Оразбек елордада өтіп жатқан «Цифрлық Қазақстанға бетбұрыс» атты халықаралық форум аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. Оның атап өтуінше, бүгінде республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Түркістан 5G желісімен қамтылған. «5G енгізу трафик тұтынудың шамадан тыс өсімімен қатар 4.0 индустриясының, ақпараттық технологиялардың, ақылды үйлердің дамуына алып келетіндігін түсінеміз. Әрине, бұл жасалуы тиіс тренд болып тұр. Оны операторлармен бірге жасаймыз. Мұны қалай жасау қажеттігіне қатысты нақты ұстанымыз бар», - деді вице-министр. Асхат Оразбектің мәліметінше, 2024 жылы 5G қолжетімді болады. «Меніңше, алдағы екі жылдың ішінде тұрғындар еліміздің аумағында 5G желісінің қолжетімділігін сезеді», - деді ол.
05 тамыз 2022 ж. 697 0

Қос өрім

13 қазан 2026 ж. 53

Тың туындылар тартысы

13 қазан 2026 ж. 44

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031