Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » +997. Қазақстанда телефон коды өзгермейтін болды

+997. Қазақстанда телефон коды өзгермейтін болды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстан +7 телефон кодын пайдалана беретінін айтты.
Асхат Оразбек бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында жаңа телефон кодына көшу бойынша ресейлік тараппен келіссөздер жүргізіліп жатқанын, нәтижесінде, Қазақстан +7 кодын пайдалана беруі мүмкін екенін айтқан еді.
Оның айтуынша, телефон кодын өзгертуге өтініш беру Ресеймен арадағы келіссөз ерекшеліктеріне байланысты, ресейлік тарап алты ай ішінде келісімді бір жақты бұза алады.
Телефон нөмірі +997-ге өзгертуге бюджеттен бөлінетін шығын туралы Асхат Оразбек бұндай техникалық шараға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейтінін айтты.
+997-ге көшуге байланысты телекоммуникация желілерінде жабдықты қайта орнату және қайта конфигурациялау жұмыстары байланыс операторларының меншікті қаражаты есебінен жүргізіледі. Қазір процестерді автоматтандырудың технологиялық деңгейі, оның мүмкіндіктері қазақстандық байланыс операторларының жабдықтары жаңа кодқа қиындықсыз ауысуға мүмкіндік береді, – деді вице-министр.
Министрлік телефон кодын өзгерту кезінде мемлекеттік және жеке құрылымдардың шығындары, телефон нөміріне байланысты төлем қызметтерінің жұмысындағы қиындықтар туралы түсіндірді.
Халықаралық телекоммуникация одағының ұсыныстарына сәйкес (E.164.1) енгізілген сәттен бастап жаңа және ескі кодтар екі жыл бірге қолданылуы мүмкін. Бұл туралы үкіметтік және коммерциялық құрылымдар алдын ала хабардар болады. Осы уақыт ішінде әртүрлі цифрлық қызметтердің иелері жаңа кодқа көшуге байланысты өзгерістерді өз қаражаты есебінен жасайтын мүмкіндік ие болады, – деді Асхат Оразбек.
Еске салайық, бұған дейін халықаралық код Қазақстанда +7-ден +997-ге дейін өзгеруі мүмкін екені айтылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
08 қазан 2021 ж. 496 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 58

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 59

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 102

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 118

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031