Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін ел аумағында жаңбыр жауып, күн күркірейді

Бүгін ел аумағында жаңбыр жауып, күн күркірейді

3 тамыз, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қазақстан территориясының басым бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Фронттар солтүстіктен оңтүстікке ауыса отырып, жаңбыр жауады, салдарынан найзағай ойнап, екпінді жел соғады.
Күндіз орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде антициклон сілемі бар жерлерде жауын-шашын тоқтайды.
Күндіз Қарағанды облысының шығысында, орталығында, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Нұр-Сұлтан қаласында аспанда көшпелі бұлт болады, жауын-шашын жоқ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +23+25°С болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +29+31°С болады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 8-13, екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С болады.
03 тамыз 2022 ж. 481 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 102

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930