Қазақстандықтар бастапқы жарнасыз ипотекаға баспана ала алады
Бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктер арқылы жаңа салынған тұрғын үйден де немесе ескі үйлерден пәтер алуға болады. Десе де ипотекалық баспанаға қойылатын талап көптеген адамдардың оң жамбасына келе бермейді. Әсіресе, ешқандай әлеуметтік жеңілдік болмаса, тіпті қиын, деп хабарлайды Экспресс К.
Жалпы, бастапқы жарна ол — ипотекалық несие рәсімдеуге ниетті азаматтардың төлем қабілетін растайтын куәлік іспетті. Сол себепті, көп жағдайда үй алу үшін оның бағасының 20-30 пайызын төлеу шарт. Десе де, осы бастапқы жарнасыз үй алудың тағы бір жолы бар. Ол жаңағы пайыздардың орнына кепіл болатын қосымша мүлік ұсыну.
Бұл жағдайда жаңа және ескі жылжымайтын мүлік несиені өтегенге дейін кепілде болады. Әрине, мұндай жолға стандартты ипотека бар, жылдық мөлшерлемесі 18,5 пайыздан басталады, — деді екінші деңгейлі банктердің бірінде.