Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Пәтер алу үшін зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалануға бола ма?

Пәтер алу үшін зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалануға бола ма?

Ұлттық банк "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны төлеу үшін зейнетақы жинағындағы ақшаны пайдалану туралы ұсынысты қолдамайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша бастапқы жарна баспана құнының 20 пайызы мөлшерінде белгіленіп отыр. Бірақ тұрғындардың көпшілігінде мұндай қаражат жоқ. Сондықтан "Нұр Отан" партиясында өткен отырыста бастапқы жарнаны төлеу үшін азаматтардың зейнетақы қорындағы ақшасын пайдалану ұсынылған еді. 
"Жоқ, бұл жағдайда Ұлттық банк бұл идеяны мүлдем қолдамайды. Азаматтар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинап жатқан қаржы қазір олардың әлеуметтік мәселесін шешуге емес, зейнетке шыққаннан кейін еңбекке қабілетсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Бізде қабылданған зейнетақылық қамтамасыз ету тұжырымдамасы осындай. Біз бұл идеяны қолдамаймыз, ешқандай ондай амал қарастырылмайды", — деп жауап берді Ұлттық банк төрағасы журналистердің қойған сұрағына. 
Еске сала кетсек, президент "7 – 20 – 25" жаңа тұрғын үй бағдарламасын ұсынған еді. Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. 
Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 пайыздан аспайды. Бастапқы жарна баспана құнының 20 пайызы мөлшерінде, ал несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады. 
Банктерден кредиттерді сатып алатын оператор құрылып, ол "Баспана" ипотекалық компаниясы деп аталмақ. Бағдарлама 2018 жылдың екінші жартысынан бастап іске қосылады.
05 мамыр 2018 ж. 1 891 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031