Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақшаны қай валютада сақтау керек

Ақшаны қай валютада сақтау керек

ҚР Ұлттық банкі жинақты қай валютада сақтау турасында өз кеңестерін берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
ҰБ кеңесі бойынша, валюталық тәуекелдерді төмендету үшін кірістілік пен сенімділігін ескере отырып, өзіңіздің қойып отырған артықшылықтарыңыз бойынша салымдарды түрлі валюталарға әртараптандырған дұрыс.
Сондай-ақ, шығыстарыңыз қай валютада іске асырылатынын да ескеру керек. Мәселен, алтынның айтарлықтай өтімді екенін назарға алсақ, бұл асыл металл да инвестициялау құралы үшін сенімді болмақ. Бұл тұрғыда алтын жинақтарды ары қарай әртараптандыруға ықпал етеді.
Бұдан бөлек, ҚР Ұлттық банкі теңгенің бағамына қатысты болжамдарын жарияламады.
«Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша болжамдар жасамайды. Еркін бағам жағдайында теңге бағамының ұзақмерзімді тренді іргелі факторлар ықпалымен қалыптасатын болады. Оның ішінде мұнай бағасына, негізгі сауда серіктесі болып отырған елдердің валюта бағамына, төлем балансының жағдайына, инфляция деңгейі мен әлемдік пайыздық мөлшерлемелерге байланысты», - делінген реттеушінің хабарламасында.
baq.kz​​​


29 тамыз 2018 ж. 939 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930