Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 50 адамы бар ауылдарға интернет тарту тиімсіз – әкім

50 адамы бар ауылдарға интернет тарту тиімсіз – әкім

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Ғали Есқалиев айтты.
30-50 адамнан тұратын шағын ауылдарымыз бар. Ол жерлерге мемлекеттік тұрғыдан да, мобильдік операторлардың ережелері бойынша да интернетті жеткізу мүмкін емес, өйткені тиімсіз, - деді ол өз сөзінде.

Ғали Есқалиевтің сөзінше, интернет тарту мәселесін тұрғындарының саны 100-ден асатын ауылдарда ғана шешу қарастырылған.
Батыс Қазақстан облысында 416 ауыл бар. Біздің мақсатымыз бірінші кезекте 100-ден астам халқы бар ауылдарға интернет және мобильдік байланыс өткізу. Былтыр тиісті жоспарды бекітіп, сол жоспар бойынша қазір жұмыстар атқарып жатырмыз. Былтыр мобильді операторлармен бірлесіп, 72 ауылдық елді мекенге мобильді байланысты жеткіздік немесе интернет сапасын арттырдық. Енді биылғы жылдың жоспары кем дегенде 134 ауылдық елді мекенге интернет пен мобильдік байланысты жеткізу немесе сапасын арттыру. Ең үлкен ауылдардың мәселесін биыл шешуіміз керек, - деді ол.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев бұл мәселені ауылда интернет сапасын күшейту бағытында жобалар жүзеге асырыла ма деген журналист сұрағына жауап беру барысында айтты.


20 маусым 2022 ж. 545 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031