Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық интернет арқылы мемлекеттік қызметтердің 80 пайызына қол жеткізеді

Халық интернет арқылы мемлекеттік қызметтердің 80 пайызына қол жеткізеді

Үкімет басшысы Асқар Мамин мобильдік құрылғы арқылы қолжетімді мемқызметтер тізбесін кеңейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызына халық интернет арқылы қол жеткізе алатын болады. Біздің алдымызда осы көрсеткішті 90 пайызға дейін жеткізу міндеті тұр. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес, 2020 жылы Қазақстан БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексінде 28-ші орынға шығу керек. Сондай жоспарымыз бар. Бүгінгі таңда 39-шы орындамыз. Мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индикаторына қол жеткізу үшін шаралар қабылдау қажет», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында. Премьер-Министрдің айтуынша, халыққа сапалы әрі қолайлы мемқызмет көрсетуге біртіндеп қол жеткізіліп келеді. «Дегенмен, назар аударалық бірқатар мәселе бар. Біріншіден, әлемдегі мемлекеттік қызмет көрсетуде цифрлық технологиялардың рөлі артып келеді. Қазіргі таңда мобильді интернетті кеңінен қолданады. Осы ретте мемлекеттік қызметтерді смартфондар арқылы алу бойынша сұраныс артуда. Бүгінгі күні «егов» қосымшасы арқылы 31 мемқызмет көрсетіледі. Бұл шамамен 4 пайыз ғана. Сондықтан, тұрғындар үшін мобильдік құрылғылар арқылы қолжетімді мемлекеттік қызметтер тізбесін кеңейтуді тапсырамын», - деді ол.


26 қараша 2019 ж. 762 0

Дубайда жеңімпаз атанды

14 қаңтар 2025 ж. 60

Есірткі туралы ертегі

14 қаңтар 2025 ж. 94

Жақсы өнер – жігіт ырысы

14 қаңтар 2025 ж. 71

Алтынай алар асу көп

14 қаңтар 2025 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031