Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжілістің жанынан Қоғамдық палата құрылады

Мәжілістің жанынан Қоғамдық палата құрылады

Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды. Бұ туралы Azattyq Ruhy Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Отырыста депутаттар жаңа диалог алаңына айналатын Парламент Мәжілісі жанынан Қоғамдық палата құру туралы бастаманы қолдады. Бұл туралы алдағы жалпы отырыста жан-жақты талқыланатын болады. Оның құрамына беделді сарапшылар, қоғам қайреткерлері, саяси партиялар мен БАҚ өкілдері кіреді деп күтіліп отыр.

Мәжіліс жанынан Қоғамдық палата құру туралы бастаманы Мәжіліс Төрағасы Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында айтты. Ол депутаттардың қарауындағы заң жобаларды ашық талқылауға, қоғамды толғандыратын басқа да маңызды мәселелер бойынша пікір алысатын орын болмақ. Сонымен қатар Қоғамдық палата Ұлттық құрылтайда қабылданатын шешімдерді, сондай-ақ басқа да қоғамдық және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды заңнамалық іске асыру алаңына айналады.

Сол сияқты Мәжіліс алдағы жалпы отырыста «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» және оған ілеспе заң жобаларын бірінші оқылымда қарайтын болады. Заң жобасы геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері қызметінің жаңа және жетілдірілген тетіктерін енгізу мақсатында әзірленген. Құжат геодезиялық, картографиялық қызметті реттеудің, осы саладағы мемлекеттік бақылауды жетілдірудің жалпы танылған халықаралық қағидаттары мен тәсілдерін енгізуге бағытталған.

Жалпы отырыста Палата комитеті «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа алатын болады.
17 маусым 2022 ж. 898 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 32

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 26

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 39

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 40

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 41

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031