Депутат әйелдердің зейнет жасын 58-ге дейін төмендетуді ұсынды
ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында депутат Дана Нұржігіт әйелдердің зейнет жасын төмендетуді ұсынды.
– 2015 жылы зейнетке шығу жасын өзгертуге қатысты заң қабылданған кезде Қазақстандағы орташа жас негізге алынды. Ол кезде 73 жас еді. 2021 жылы бұл көрсеткіш 70 жас деп қабылданды. БҰҰ деректері бойынша Қазақстанда 2022 жылы өмір сүру ұзақтығы – әйелдер үшін 78 жас, ерлер үшін 70 жас. Алайда, пандемияға байланысты бұл көрсеткіштер өзгерді. Бүгінгі таңда қандай болжамдар бар екендігі туралы нақты ақпарат жоқ, – деді Дана Нұржігіт депутаттық сауалында.
Оның пікірінше, күмәнді көрсеткіштері бар мұндай нақты емес мәліметтер әлеуметтік маңызды заңды қабылдауға негіз бола алмайды.
– Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2020 жылы өлім-жітім 2019 жылмен салыстырғанда 22% – ға өсті. Кейінгі жылдары бұл процесс тоқтаған жоқ. Осылайша, әлемдік болжамдарға негізделген 2015 жылғы зейнетақы реформасы Қазақстандағы бүгінгі жағдайға мүлдем сәйкес келмейді. Жеті жыл бұрын әлемде қарт адамдар саны артып, еңбекке қабілетті адамдар саны азаятыны айтылды. Алайда, пандемияға, әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа байланысты бұл болжамдар дұрыс емес, – деді Дана Нұржігіт.
Депутат егер азаматтар бүгінгі зейнетақы заңнамасына сәйкес 60-63 жасқа дейін жұмыс істейтін болса, онда олар жұмыс орындарын босатпайтынын айтты. Бұл жағдайда жас ұрпақ үшін жұмыс орындары тапшы болады.
– Біз соңғы уақытта Үкімет зейнетақы саласының мәселелерін қарастырып жатқанын және ауыр жұмыс істейтін адамдар үшін зейнетақы жасын қайта қарайтынын білеміз. Менің ар-ұжданым әйелдердің зейнет жасын өзгерту туралы тілектерін айтпауға мүмкіндік бермейді. Осы өтініштерге сәйкес, әйелдер үшін зейнет жасын – 58 жас деп белгілеуді сұраймын. Егер әйел одан әрі жұмыс істеуге дайын болса, онда бұл оның еркіне байланысты, – деді Дана Нұржігіт.