Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Майталмандардың мерейлі мезеті

Майталмандардың мерейлі мезеті

21 мамыр – елде мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесі. «Мәдениет – елдің ең асыл рухани байлығы, асыл мұрасы» дейтін болсақ, халықтың мәдени дамып, рухани жаңғыруы бағытында күш салып келе жатқан өнер иелеріне құрмет қашанда жоғары. Сондықтан аталған сала мамандарын мерейлі мерекесімен құттықтауды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев естен шығармады. Соған орай жуырда Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында салтанатты шара ұйымдастырылды.
Қазалы жерінде мәдениет және өнер саласына тер төккен ардагер жандар аз емес. Оның әрбіріне қандай сый көрсетіп, алғыс жаудырсақ та артық етпейді. Ұйымдастырушылар жиынға келген мәдениет майталмандарын ерекше көңіл-күйге бөлеп, қызыл кілем төсеп қарсы алды. Басқосуда аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы сала қызметкерлерін кәсіби мейрамымен құттықтап, игі тілегін жеткізді. Мұнан соң аудан мәдениеті мен өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан қызметкерлерді «Алғыс хатпен» марапаттады.
Сондай-ақ Қазалы қаласындағы мәдениет үйінің суретшісі Қайрат Ильясовқа «Еңбек даңқы», кітапхана саласының ардагерлері Сәнімкүл Жәрекеева, Жұмагүл Пархот, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бөлім меңгерушісі Мағрипа Елдесбай, қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі Толқын Мырзалиеваларға «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгілерін табыстады.
Көңілді кеште қала, ауылдық клуб әдіскерлерінен құралған «Әдіскерлер» ансамблі халық әні «Сәулем айды» орындаса, 1970-1990 жылдар аралығында және одан кейінгі жылдарда қызмет жасап келген, өнерпаз ардагерлер Ұлжан Ахметова, Аралбай Баекеев, Майра Қазбекова, мәдениет саласының үздігі Кенже Әлі Асқар, Гүлнар Төребекова, Толағай Дүңкеев, Таня Оспанова, Бижан Құрманбаев, Галя Оспан сахна төрінде көтеріліп әуен шырқады. Сонымен қатар Р.Жанайдың «Кешірім кесапаты» қойылымын қойып, қонақтардың алғысына бөленді.
Мейрамның көркін қыздырған орта буын өнер дарындары «Қаздар қайтқанда», «Қазақ әндерінен попури», Нартайдың әндерін орындап, «Тақиялы періште» желісінен көрініс қойды. Одан бөлек мәдениет жастары сахналық театрландырылған көрініс ұсынып, өлеңдер оқыды.
Мерекелік шарада өнерпаздар әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

А.БАҚЫТҰЛЫ

21 мамыр 2022 ж. 778 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930