Кітапханашы жеңімпаз атанды
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне орай ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің кезекті «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалінің жеңімпаздары анықталды.
Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2021» онлайн фестивалінде «Үздік аудандық маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша Назарова Индира Әбілқасымқызы басқарып отырған Қазалы аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Айнұр Әбілтаева жеңімпаз атанып, 500 000 теңге сертификаты табысталды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат