Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәдениет майталмандары марапатталды

Мәдениет майталмандары марапатталды

Кеше Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. Жиынға мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлері, кітапханашылар және жас өнерпаздар қатысты.
Басқосуда аудан әкімі Мұрат Ергешбаев құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосып жүрген жандарға алғысын жеткізді.
Өз кезегінде сала ардагерлері Ерпазыл Жүсіп пен Ұлжан Ахметова ізгі лебіздерін айтып, ризашылықтарын білдірді. Ал мерекеге орай Халықаралық дәрежедегі байқауларда топ жарып жүрген Мадияр Серік пен Елмұра Сабырова және тағы бірқатар өнерпаздар әсем әнді әуелетті.
Шара барысында Бекарыстан би ауылдық Мәдениет үйінің директоры Бектұрған Жібекәлі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасымен», Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейінің директоры Роза Асанова ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен, Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі Айгүл Марат облыс әкімінің Алғыс хатымен, Абай ауылдық клубының директоры Самат Әбілов облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен, Ж.Тұрсынов атындағы халықтық театрының және «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауының мүшесі Жантұрған Тоқмамбет, мәдениет саласының ардагері Ұлжан Ахметова, Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығы жанындағы «Күй» үйірмесінің жетекшісі Тұрар Сәдуақас, «Қорқыт ата» атындағы аудандық балалар музыка мектебінің «Баян» класының оқытушысы Серік Отаралиев, аудандық орталық кітапхананың кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі Мағрипа Елдесбай, Басықара ауылдық клубының сүйемелдеушісі Әли Мырзатаев, №266 мектеп-лицейдің оқушысы, терме жанры бойынша аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда жүлделі орын иеленіп жүрген Елмұра Сабырова аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Ал мәдениет саласының ардагері, «Атамұра» халықтық ардагерлер ансамблінің сүйемелдеушісі Ерпазыл Жүсіпке Қазалы ауданының «Құрмет грамотасы», Жанкент ауылдық кітапханасының кітапханашысы Несібелі Нұрадинге «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек Даңқы» төсбелгісі табысталды.
Сондай-ақ Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының музыка өңдеушісі Руслан Құлмырза, Ғ.Мұратбаев ауылдық мәдениет үйінің сүйемелдеушісі Айсәуле Қияс және Республикалық, Халықаралық байқау жүлдегері Мадияр Серікке арнайы стипендия тағайындалып, қаржылай сыйлық сертификаттары табыс етілді.
Маңызды мәдени шараларды ұйымдастырып, ұлттық өнер мен тарихи жәдігерлерді дәріптеуде тиянақты іс тындырып жүрген мамандардың арқасында қазыналы Қазалы өңірінің мәдениеті жылдан-жылға өркендеп келеді. Ал мәдениеті мықты елдің еңсесі биік, рухы да жоғары болатыны мәлім.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

22 мамыр 2021 ж. 1 194 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 149

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031