Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 сәуірге ауа райы болжамы: найзағай, жел, тұман

5 сәуірге ауа райы болжамы: найзағай, жел, тұман

Синоптиктер 5 сәуірге ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болып, ауа райы жауын-шашынсыз болады.

«Тек батыста, солтүстікте, оңтүстіктің таулы аймақтарында фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болады. Республикада тұман, жел күшейеді, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстіктің таулы аймақтарында найзағай күтіледі» делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды, күндіз солтүстікте, таулы аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде жел соғады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл күтіледі.
Қостанай облысының шығысында – тұман, түнде батыста, солтүстікте, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с.
Түнде батыста, солтүстікте, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде – жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с.
Алматы облысының Алакөл көлдері аймағында, күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының шығысында – тұман, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде – тұман, түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде – жел 15-20 м/с күшейеді.
05 сәуір 2022 ж. 485 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 130

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 180

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31