10 наурызға ауа райы болжамы: қар аралас жаңбыр, найзағай
Синоптиктер 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауады, батыс пен оңтүстікте жаңбыр, найзағай, қар жауады.
«Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады. Батыста және оңтүстікте жаңбыр аралас қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, жел күшейеді. Батыста көктайғақ, оңтүстікте найзағай күтіледі» делінген Қазгидромет хабарламасында.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында жел 15-23 м/с күшейеді.
Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел 17-22 м/с күшейеді.
Алматы облысының шығысында желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с, облыс орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында тұман күтіледі, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының оңтүстігі мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең батыста тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -13…-15°С, күндіз -7…-9°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +10…+12°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, түнде – жаңбыр жауады, кей уақытта күшейеді, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 8-13 жел соғады, күн күркірейді, екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +17…+19°С.