Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «NUR OTAN» партиясының кезектен тыс ХХІІ сьезі өтті

«NUR OTAN» партиясының кезектен тыс ХХІІ сьезі өтті

Ағымдағы жылдың 1 наурыз яғни Алғыс айту және партия күнімен қатар келген «Nur Otan» партиясының кезектен тыс шақырылған ХХІІ-Съезіне  делегат ретінде қатыстым. Жалпы онлайн форматта өткізілген жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен 393 делегат қатысты.
Жиында күн тәртібіне сәйкес екі мәселе қаралды. Бірінші  партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу болса, екіншісі «NurOtan» партиясының модернизациясы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша партияның Саяси кеңес құрамына біршама өзгерістер енгізілді. Екінші мәселе аясында  Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы саяси ұйымды модернизациялау бойынша нақты тапсырмалар берді. Осы бағытта партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов тапсырмаға сәйкес партия жұмысына талдау жасалып, қоғамдық пікір мен сарапшылардың, аймақтардағы партияластардан ұсыныстар жиналғанын айта келе, саяси ұйымды жаңғырту бағытында 7 басымдық ұсынып, кеңірек баяндады.
Сондай-ақ, жиынның маңызды шешімдерінің бірі ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов партия атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы ұсыныс білдірді. Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл ұсынысқа қолдау білдіріп, Съезд шешімімен партияның Жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, жаңа атауы белгіленді.
Құрметті әріптестер, қадірменді партияластар! Баршаңызды Жаңа Қазақстандағы жаңарған партиямен, мемлекет басшысының еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстарына бірлесе атсалысуға шақырамын.

Нұрғиса ЖАЛҒАСБАЕВ
«Nur Otan»партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, съезд делегаты
04 наурыз 2022 ж. 380 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930