Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді қазақстандықтардың мобильді аударымдары реттеледі

Енді қазақстандықтардың мобильді аударымдары реттеледі

Енді қазақстандықтардың мобильді аударымдары реттеледі. Сенат депутаттары Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді екі оқылымда қабылдады.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.
Сенатор Ғұмар Дүйсембаев заң жобасында көзделген негізгі шараларды түсіндіріп берді.1) Ең төменгі жалақыны айлық есептік көрсеткішке ауыстыру жолымен оны есептік көрсеткіш ретінде пайдалануды алып тастау ұсынылады.
Бұл жеке табыс салығы бойынша стандартты шегерімді және әлеуметтік салық бойынша ең төменгі салық салынатын базаны айқындауға қатысты болады.
2) Шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50%-ын шетел валютасын теңгеге айырбастауды жүзеге асырған бизнес субъектілері тауарларды экспорттаған кезде 80 пайызға дейінгі мөлшерде қосылған құн салықты жеңілдетілген тәртіппен қайтару ұсынылады. Кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін Үкімет бекітеді.
3) Салық кодексінде 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында тауарлар мен қызметтер көрсететін шетелдік интернет-компаниялардың қосылған құн салықты тіркеу мен төлеудің жеңілдетілген тәртібі көзделген.
4) Отандық өндірушілер үшін акцизден кейінгі төлемді енгізу.
Бұл шара арақ өндірушілерді темекі өнімдері мен сыра өндірушілерімен теңестіреді және отандық алкоголь өнімін қолдауға, сондай-ақ алкоголь өнімінің импортын тежеп ұстауға мүмкіндік береді.
5) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы салық режимін және бірыңғай жиынтық төлемді қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерін қайта қарау ұсынылады.
6) Автомобильдер бойынша көлік құралдарына салықты есептеуге қатысты.
Осыған байланысты шағын және орта бизнестің шығындарын азайту үшін салық салу мақсатында шағын көлемді фургондарды 3,5 тоннадан аспайтын жүк көтерімділігіне қарай салық салу тәртібімен жүк автомобильдеріне жатқызу ұсынылады.
7) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым ставкасын 20-дан 30 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру.
8) Тауар айналымының қадағалануы.
Осы түзетулер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімді іске асыруға мүмкіндік береді, онда «Тауарлар айналымының бақылануы» деген мемлекеттік бақылаудың өзге нысаны көзделеді.
Осыған байланысты енгізілетін аталған жаңалық қадағалауға жататын тауарларды және ұлттық бақылану жүйелерін пайдалана отырып, осындай тауарлардың айналымына байланысты операцияларды есепке алуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
9) Мобильді төлемдерді фискалдау. Пандемия кезінде сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес субъектілері кәсіпкерлік қызметте жеке тұлғалар арасындағы транзакцияларға арналған жедел мобильді аударымдарды барлық жерде пайдалана бастады.
Бұл мәселені заңнамалық реттеу мақсатында:
- «мобильді төлемдер» түсінігін анықтау;
- мобильдік төлемдер арқылы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін есеп айырысулар кезінде онлайн-бақылау-касса машиналарын қолдануды заңдастыру;
- кәсіпкерлерді бизнесті жүргізуге арналған жеке шоттарды пайдалануға міндеттеу;
- банктерді мемлекеттік кірістер органдарына тиісті мәліметтерді беру ұсынылады.
10) Салық заңнамасының тұрақтылығын енгізу мәселесін заңнамалық реттеу.
25 қараша 2021 ж. 465 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 44

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930