Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек озаттары марапат төрінде

Еңбек озаттары марапат төрінде

Биыл 22 қазанда облыстық «Алтын дән – 2021» салтанатты мерекелік шарасы өткізіліп, жыл қорытындысымен ауданның бір топ еңбеккерлері республикалық және облыстық марапаттарға ие болған болатын. Бұл игі үрдіс жұма күні Р.Бағланова атындағы Мәдениет үйінде жалғасын тапты. Диқандар мен малшылардың биылғы табанды еңбегінің қорытындысы сараланып, жетістіктері жиналғандардың назарына ұсынылды. Мерейлі жиында сөз алған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев озаттарды «Алтын дән – 2021» мерекесімен құттықтады. Ауданның аграрлық салада атқарылған жұмыстарына жақсы баға берді.
Салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомствалық наградаларымен тиісті азаматтар марапатталды. Атап айтқанда, “Еңбек ардагері” медалін ауыл шаруашылығы саласының ардагері Жайылхан Жүнісов кеудесіне тақты. Министрліктің Құрмет грамотасы “Жалаңтөс батыр” ЖШС-нің механизаторы Төрехан Мылтықбаевқа табысталды.
Бұдан соң ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының «Елеулі еңбегі үшін» медалі “Сыр Маржаны” ЖШС-нің директоры Мінәжадин Өтеевтің омырауына ілінді. Дәл осындай марапат ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Жақсыгүл Ерлепеске де табысталды.
Жылдар бойы мәдениет саласында еселі еңбек етіп, үздік нәтижеге қол жеткізгені үшін Жантұрған Тоқмамбет «Елеулі еңбегі үшін» медалін иеленді. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне ерекше атсалысқаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Кульгиновтың арнайы Алғыс хатымен “РЗА-Агро” ЖШС-нің директоры Нұрлан Имандосов марапатталды.
Басқосуда бірқатар сала ардагері мен мамандарына облыс әкімінің Алғыс хаты ұсынылды. Олардың қатарында ауданның ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойына үздіксіз тер төгіп, ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосқан сала ардагерлері: Өткелбай Жолмырзаев, Тоқсанбай Аймаханов, Мұстафа Ералиев пен бүгінде “Мерей” шаруа қожалығының жетекшісі қызметіндегі Сахым Жұмағалиев бар.
Мерекелік шара аясында ауыл шаруашылығы саласында тынымсыз қызметімен көзге түскен «Жанкент Агро» ЖШС-нің егіс бригадирі Дәурен Ерғали, «Мерей» шаруа қожалығының сушысы Нұрланбек Омаров, “Алшын” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бригадирі Әбілхайыр Тілегенұлы аудан әкімінің Алғыс хатын иеленді.
Биыл ауыл шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен аудан озаттары аз емес. Оның ішінде, «Сердалы» шаруа қожалығының бақташысы Қуаныш Тілеуғабылұлы “Озат бақташы” бағамымен аудан әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлыққа қол жеткізді. Келесі кезекте Әбілғазы Мылтықбаев “Озат жылқышы” номинациясын қанжығалады. Ол «Шоратай» шаруа қожалығында 226 бас жылқы бағып, әр 100 аналық биеден 88 бас құлын алған. Ермек Қонысұлына “Озат түйекеш” бағамы беріліп, аудан әкімінің Алғыс хаты мен бағалы жоралғы жасалды. Ермек Арықбаев «Қостерек» шаруа қожалығының жетекшісі. Тыңғылықты ісінің арқасында 286 түйені баптаған. Сонымен қатар “Озат шопан” «Ғибрат» шаруа қожалығының жетекшісі Ниетәлі Ибайдуллаұлы, “Озат балықшы” жеке кәсіпкер Төребек Игіліковтің қарамағындағы Дархан Егізбайұлы, “Озат бақша өсіруші” Нұрлыбек Анатолиұлы, “РЗА-Агро” ЖШС еңбеккерлері: “Озат жүгері өсіруші” ­Шыныбай Қожанасұлы, “Озат жоңышқа өсірушісі” Айбек Әбубәкірұлы, “Озат агроном” Данияр Бақытжанұлы сахна төріне шақырылды.
Мұнымен қоса, «ҚазалыСушар» өндірістік учаскесінің гидротехнигі Серік Молдахметұлы “Озат су маманы”, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Әбілхайыр Өмірбекұлы “Озат мәдениет қызметкері” атанса, “Озат күріш өсірушілер” – Ғибарат Мархабатұлы “Агро-Өркен”-нен және “РЗА-Агро”-дан Құрышбек Құлмұратұлы мен Жантас Жаппарұлы арнайы марапатқа ие болды. Сондай-ақ “Сыр Маржаны”-нан Оңғар Қызылшалыұлы, “Жалаңтөс Батыр”-дан Ғанибек Бекмырзаұлы және “РЗА-Агро” серіктестігінен Баубек Тағыбергенұлы “Озат жатка машинисі” бағамына ілінді. Ал “Озат комбайнер” болған “Ақмаржан” шаруақожалығынан Қуандық Тиыштықбайұлы, “Агро Өркен”-нен Жеңіс Нұрмағамбетұлы мен “РЗА-Агро” жұмысшысы Мирімхан Мұратбайұлының қуаныштарында шек болмады. Агро-Өркендік Кеңес Нұрхашұлы мен “РЗА-Агро” серіктестігінен Ерғали Мылтықбайұлы “Озат бригадир” бағамын алды.
Биыл өнімнің молдығына қарай марапатшылар қатары да ұлғайған. Соның ішінде 7 мың тонна күріш салысын өңдеп, республика бойынша және экспортқа шығарған аграрлық саладағы жеткен жетістіктері үшін «Озат өңдеу кәсіпорны» номинациясы бойынша аудан әкімінің арнайы дипломымен “Сыр Маржаны” ЖШС-ның басшысы Мінәжадин Сражадинұлы марапатталды. Ел қамбасына 4200 тонна астық құйып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін “Озат егін шаруашылығы” бағамындағы аудан әкімінің ІІ-ші дәрежелі дипломымен “Агро-Өркен” ЖШС-ның басшысы Медеу Бердібайұлы құрметтелді. Шаруашылық бойынша егілген 2187 гектар күріштің әр гектарынан 60,5 центнерден өнім жинаған “РЗА-Агро” ЖШС-нің директоры Нұрлан Самұратұлы да “Озат егін шаруашылығы” номинациясы бойынша аудан әкімінің І-ші дәрежелі дипломымен сыйға бөленді.
Шара барысында ауыл шаруашылығы саласын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттап, дала еңбеккерлері туралы және тың бастамаларын халыққа кәсіби тұрғыда жеткізуде айрықша қосқан үлесі үшін “Қызылорда” телеарнасының журналисті Әкімжан Ерғалиұлы “Озат телеарна тілшісі” атанса, «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты аудандық «Қазалы» газетінің бас редакторының орынбасары Алтын Қосбармақова “Озат газет тілшісі” бағамы бойынша аудан әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлығын иемденді.
Еселі еңбектері ескерілген мерекелік жиында «Агро-Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Медеу Есқожаев егін жинау науқанында мол табысқа қол жеткізген еңбек озаттарын марапаттады. Серіктестік директоры «Агро-Өркен» ЖШС-нің күріш өсірушілері Аманкелді Шайықов пен Ғибарат Шүленбайға су жаңа автокөліктердің кілтін салтанатты түрде табыстады. Қырманның астыққа толуына аянбай еңбек еткен Аманкелді Нұрмашұлы мен Ғибарат Мархабатұлы өздеріне бекітілген күріштің әр гектарынан 72 центрден өнім жинаған.
Айтулы шарада «Агро-Өркен» ЖШС-нің егіс бригадирі Кеңес Шайық 1 миллион теңге, серіктестік механизаторы Жеңіс Қошқарбаев пен ақ егіс бригадирі Мейрамбек Жәми 500 мың теңгенің қаржылай сыйлығына ие болды.
Қазалының ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері биылғы дәстүрлі «Алтын дән – 2021» мерекесіне жарқын жүзбен келді. Мұның себебі аудан үшін агроөнеркәсіптік саланың барлығында нәтижелі табысты жыл болды. Диқандар мен малшылар азық-түлік өнімдерін өндіруді еселей түсті. Р.Бағланова атындағы мәдениет үйінде өткізілген жыл қорытындысында озат шаруалар мен сала жұмысын ілгерілетуге атсалысқандар ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

30 қазан 2021 ж. 551 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930