Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек ер атандырған

Еңбек ер атандырған

Аудандағы ауыл шаруашылығы саласына 50 жылға жуық еңбек сіңірген Қазалы ауданының құрметті азаматы, Республикалық ауыл шаруашылығы саласының құрметті ардагері Берік Бисембаев «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін иеленді.
Еңбек жолын Райым балық колхозында балықшы болып бастаған ол Қазалы локомотив депосында слесарь болып жұмыс істейді.
Алматы зоотехникалық мал дәрігерлері институтынан зооинжинер мамандығы бойынша бітірген маман Арал, Қазалы аудандарында зоотехник, бас зоотехник, партком хатшы, совхоз директоры, ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, ауылдық округ әкімі, аудан әкімінің кеңесшісі қызметтерін абыроймен атқарады.
Еңбек ер атандырып, кеудесін түрлі төсбелгі, мерекелік медальдарға толтырған азамат өз ісін сүйген адамға бағынбайтын белес жоғын түйген тәжірибе, өткен өмір жолынан нақты дәлелдермен келтіріп, абырой биігі барлық жетістік шыңы екендігін жеткізді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
26 қазан 2021 ж. 1 228 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031