Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қала әкімі жыл қорытындысымен үздіктерді марапаттады

Қала әкімі жыл қорытындысымен үздіктерді марапаттады

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде, қала әкімі Н.Нәлібаевтың қатысуымен 2017 жылдың қорытындысымен үздіктерді марапаттау салтанатты шарасы ұйымдастырылды.
Салтанатты шарада қала әкімі жыл көлемінде өңіріміздің жеткен жетістіктері мен атқарылған ауқымды жобаларға тоқталып, барша қала тұрғындарын санаулы күндерден кейін төрімізге енетін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
– Өтіп бара жатқан жыл біздің өңіріміз үшін де шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің, халық қалаған серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды. «Мақсат – жетістіктің желкені» деген халқымыздың қанатты қағидасын ұстанып, дұрыс бағыт пен орынды мақсат қоя білсек жетістіктің желкені жығылмайтыны анық. Әр жаңа жыл табалдырығында жақсылық пен жағымды жаңалық күтеміз. Ендеше келер жылы сол ойымыздағы арман-тілегіміз жүзеге асып, бақ-берекеміз таси берсін. Жаңа 2018 жыл әр отбасына бақ-береке сыйлап, елімізге мол жақсылығы мен игілігін ала келсін! – деді қала әкімі.
Шара барысында, Елбасы Жарлығымен 11 батыр ана «АЛТЫН АЛҚА» мемлекеттік наградасымен марапатталды және өңіріміздің дамуына ерекше қызмет етіп, елге еңбегімен танылған 11 азаматқа «ҚАЛАНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» атағы тапсырылды.
Сонымен қатар, жыл бойына халыққа қызмет ету жолында жарқын жетістікке жеткен әр түрлі саладан 17 азамат «ЖЫЛ ҮЗДІГІ - 2017» номинациясымен марапатталды.
Білім беру саласында үздік нәтижелерге қол жеткізген, қала мектептерінің 10 ұстазына қала әкімінің «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ» грант иелеріне тағайындалған 150 мың теңге сыйақысы, өз саласында жетістік белестерінің алғашқы сатысын бағындырып, өңіріміздің дамуына өз үлестерін қосып жүрген 10 жасқа қала әкімінің «САМҒАУ» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ және 100 мың теңге сыйақысы табысталды.
Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасып, жергілікті өнерпаздар салтанатты шараға қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
25 желтоқсан 2017 ж. 1 650 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930