Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Кочевник” көшіп кетті ме?

“Кочевник” көшіп кетті ме?

Кенттің көркі – көшелер. Сапалы жолдарда салауатты әрі саналы ұрпақ жүріп өтетінін ескерсек, Әбілқайыр хан көшесі көңілдің мұңына айналды. Қалың көпшілік арасында дау туғызып, әлеуметтік желіде, редакция тарапынан видеороликте де көтерілген көше мәселесі әлі күнге шешімін таппай келеді. Басталған іс аяқталмай, тұрғындардың асфальтталған жолға қолы жетпеуіне не себеп? Мәселеге бірге үңілейік.
Әйтеке би кенті орталығындағы Әбілқайыр хан көшесінің жол жөндеу жұмыстары 2021 жылдың көктемінде басталғаны көпке мәлім. Аталған көшенің тұрғыны Жадыракүл Скендирова: «Жөндеу жұмыстары басталғанына жарты жылдан астам уақыт болды. Көше жөнделіп, тас жолмен жүрер күн алыс емес деп өзімізді жұбатып жүргеніміз де қашан... Жол құрылысына жауапкершілік жоқ сияқты», – дейді.
Айта кету керек, екі ай бұрын редакция ұжымы мәселе етіп көтерген түсірілімнен соң, жауаптылар тарапы гравий төсеген еді. Мердігер «Кочевник» ЖШС-нің өкілі тұрғындар тілегін тыңдап, жыр болған жөндеу жұмыстары қыркүйектің 15-не дейін бітетінін айтқан. Алайда айтылған уәдеден кейін арада 1 айдан астам уақыт өтті. Мердігер мекеменің сырт көзге жұмысты жүргізер сыңай танытқаны ма, әлде ашынған халықты алдаусыратқаны ма?!
Бұл туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар қатынасы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтановтан сұраған едік. Ол аталған жайға қатысты: «Жол құрылысының тоқтауына тікелей мердігер мекеме жауапты. Қазір осыған ­байланысты экономикалық сот жүруде. Соттың шешімі шыққан соң, Әбілқайыр хан көшесінің жөндеу жұмысы қайта қолға алынады. Бұйырса, қазанның 20-сынан кейін жалғасады деп күтілуде», – дейді. Сұраққа берілер уақытша жауап осындай. Бірақ түзу-түзу жолдарда болашаққа тік қадам басар күн ­алыстап кетпей ме екен?!

Дина БӨКЕБАЙ
23 қазан 2021 ж. 615 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930