Қазалы қаласындағы жол жөндеу жұмыстары баяу жүріп жатыр
Биыл Қазалы қаласында ұзындығы 8 шақырымды құрайтын 10 көше қайта жаңғыртылудан өтіп жатыр. Мердігер мекеме «Кочевник» ЖШС бүгінгі күнге дейін 2 шақырым жолды асфальттап үлгерген. Әлі асфальт қабаты төселетін 6 шақырым жол бар.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы қаласына арнайы барып, жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігер мекеменің жауапты қызметкеріне асфальт төсеу жұмыстары белгіленген кестеден кешігіп келе жатқанын ескертті.
– Соңғы 2 аптада өте баяу жұмыс істегенсіздер. Өте сылбыр қимылдап жатырсыздар. Мына түрлеріңізбен Сіздер жолды жөндеуді көпке созасыздар. Бұлай болмайды. Қосымша техника, адам әкелу қажет. Болмаса жол жөндеумен айналысатын бір мекемемен келісім-шартқа отырыңыздар. Сенбі, жексенбі күндері де жұмыс істеңіздер. Ертең күн суығанда істеген жолдарыңызды сапасы да болмайды. Әлі Әйтеке би кентіндегі Әбілқайыр хан көшесі де бар. Ол жатыр топыраққа батып. Шамаларыңыз келмейтін болса бастамауларыңыз керек еді, – деді Мұхтар Әуесұлы.

Мұнан соң мердігер мекеменің жауапты қызметкерінен келесі аптаның сенбі күніне дейін (7 тамыз) қанша көшені асфальттап үлгеретінін сұрады.
– 5 көше.
Бұл серіктестік жауапты қызметкерінің жауабы.
– Жақсы. Келесі аптаның сенбісінде қайта айналып тағы соғамын. Сол кезде осы уәдеңізді орындамасаңыз біз қатаң шара қабылдауға мәжбүр боламыз. Осы уақытқа дейін Сіздерге қаншама рет ескертілді, – деген аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала басшыларына бақылау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Қазалы қаласына сапары кезінде аудан басшысы Қазалы қаласы әкімінің орынбасары Қаныш Жұбатқаннан көшелерге аяқ су жіберу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын сұрады.
Өз кезегінде Қаныш Жұбатқан қазіргі таңда қаланың екі жерінен насос арқылы аяқ су жіберіліп отырғанын жеткізді. Ал, Ш.Уәлиханов көшесінің бойындағы үшінші насосқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат