Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Желмен жарысқан жүйріктер

Желмен жарысқан жүйріктер

Өткен сенбіде Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің ­тапсырысына сәйкес ­«Сауал» қоғамдық бірлестігі мен ­«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Tour de Qazaly – 2020» веложарысы өтті.
Аудан көлемінде жыл сайын веложарыс ұйымдастыру дәстүрге айналғаны белгілі. Тұрғындар да жарыс жарияланғаннан бастап, шайтан арбаның шаңын сүртіп, кешкілік уақытта жаттығу жасап жүргенін аңғарамыз.
Биылғы жарыс сөресі Қ.Пірімов ауылынан басталып, межелеген мәре сызығы Әйтеке би кентіндегі Жеңіс саябағы болды.
Шара басталмас бұрын аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов: «Спорт және дене шынықтыру саласында Қазақстанның мемлекеттік саясатының өзіне тән ерекшелігі – бұқаралық спортты дамытудың теңгерімді тәсілдерін іске асыру болып табылады. Бұқаралық спорт саласында халықтың дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануын ұлғайту басым бағыт болып бекілітілген. Бұл бағытта кемелді шара ұйымдастырылып, жоғары нәтиже көрсетіп келеміз. Оның бір анық дәлелі жыл сайын ұйымдастырылатын вело-жарыс. Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді ол.
Отызға жуық жас спортшы қатысқан жарыс жоғары деңгейде өтті. Қарсыластарынан оқ бойы озық келіп, бірінші орынды қанжығасына байлаған Дәурен Бекет екі аралықты жиырма минутқа жетпейтін уақытта жүріп өткен.
– Үйренген қарсыластармен жарысқа қайта түскен мен үшін қызық. Мен оқушы кезден аудан көлеміндегі веложарыстарда бақ сынап, жүлделі орын алып жүрмін. Бүгін де тартысқа толы жарыс болды. Ауданда бұқаралық спортқа көңіл бөлініп, бәйге ұйымдастырылатыны қуантады. Өзім қатарлы жастардың әуесқой спортшы атанып, зиян әдеттерден алыс болғанын мен де жақсы көремін. Бүгінгі жарыстан да бірінші орын алу бұйырды, – деп өз ойымен бөліскен Дәурен бас бәйгеге су жаңа велосипед алды. Екінші орынды еншілеген Бағдат Әбекенов пен Бауыржан Орынбасаровқа және басқа да қатысушыларға бағалы сыйлық табысталды.

А.ҚАЛДЫБАЙ

14 қазан 2020 ж. 627 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930