Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады да, ол жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жаууына ықпал етеді.
«Қазгидромет» РМК 2-4 қазанға арналған райы болжамын жариялады. 
Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады да, ол жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жаууына ықпал етеді.
Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда нөсер жауын жауады. Сондай-ақ республика бойынша тұман, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста – көктайғақ, солтүстік өңірлерде – боран болжанады.
Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ғана солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында түнде 1-8 жылы болады, солтүстікте 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-17, оңтүстікте 20 градус жылы болады.
Солтүстік-батыста температураның негізгі бағыты: түнде 5 градус  аяз – 3 градус  жылы, күндіз 5-15 градус жылудан 0-8 градусқа дейін аздап төмендейді, өңірдің оңтүстігінде 12 градус жылы, солтүстікте және орталықта температураның негізгі фоны: түнде 5 градус аяз – 3 градус  жылы, күндіз 2-11 градус жылудан 0-8 градус жылуға дейін аздап төмендейді.
Шығыста түнде 3 градус аяз – 5 градус жылу, күндіз 3-11-ден 7-15 градусқа дейін жылу көтеріледі. Оңтүстікте ауа температурасы түнде 0-8 градус, солтүстікте және таулы аудандарда 3 градусқа дейін, күндіз 12-20 градус жылу аралығында болады. Оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 0-8 градус, солтүстікте және таулы аудандарда 3 градусқа дейін, күндіз 4-12-ден 7-15 градус аралығында көтеріледі.
01 қазан 2021 ж. 566 0

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 54

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031