"Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын экстремистік деп таныды

Айта кету керек, Мұхтар Әбіләзов 20 жыл бас бостандығынан айыруға соттталған. Ол сотпен қылмыстық қоғамдастықты құрғаны, 7,5 млрд АҚШ долларын ұрлап, шетелге шығарғаны үшін кінәлі болып танылған.
"Шетелде сот жазасынан жасырынып жүрген Әбілязов Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын бұзып, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді насихаттау мен үгіттеу бойынша заңсыз әрекетін жалғастыруда.
Интеренет желілер, месенджерлер, сондай-ақ әр түрлі әлеуметтік топтарға парақшалар тарату арқылы, Әбіләзов белсенді түрде Қазақстанның азаматтарын қозғалысқа қосылуға шақырады, қазіргі биліктің жағымсыз бейнесін құрып, қоғамда наразылық көңіл-күй қалыптастыруда. Осылайша, жоспарлы түрде әлеуметтік араздық пен алауыздықты қоздыруда", - деді Оксана Ласкутова.
Ал, ҚР Бас прокуратурасының Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Ерлан Абаевтың айтуынша, ҚДТ қозғалысына қолдау көрсету қылмыс болып саналады.
Сондай-ақ, заңнамаға сәйкес, экстремистік топтың әрекетіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.