Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды

Қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ skills.enbek.kz қысқа мерзімді онлайн курстарға оқыту порталын іске қосты. Қазірдің өзінде онлайн курстардың 70 авторлары мен әзірлеушілері мүдделі азаматтар үшін өздерінің оқыту бағдарламаларын ұсынуға дайын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Портал маркетплейс (қызметтер нарығы) қағидаты бойынша онлайн курстарға қолжетімділікті ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық баламасы болып табылады. Ресурс жалпы халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыру, мансаптық дамуын ынталандыру және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында құрылды.
Іске қосу кезінде қазақстандық авторлар мен әзірлеушілер аспаздық және кулинариялық іс, косметикалық, заңдық және бухгалтерлік қызметтер, құрылыс, қонақүй және мейрамхана ісі, іс жүргізу, IT, SMM салалары бойынша курстар ұсынады.

Кез келген азамат https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе enbek.kz Электронды еңбек биржасында «Онлайн оқытуды» таңдау арқылы талап етілетін біліктілікке оқытуға немесе біліктілікті арттыру курстарына қол жеткізе алады.
Курстардың авторлары мен әзірлеушілері қазақстандық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, соның ішінде оқу орталықтары, білім беру ұйымдары болып табылады. Олар қазірдің өзінде курстарды орналастыру үшін тегін алаң ұсынуда, онлайн оқытуды дамытуға жәрдемдесуде, қосымша кіріс көзін алуда порталдың артықшылықтарын көріп отыр.
Жаңа бастаған авторлар мен әзірлеушілер үшін порталда онлайн курстарды құру бойынша әдістемелік ұсынымдар және оларға қойылатын талаптар орналасқан.

07 шілде 2021 ж. 656 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031