Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыс берушілер қызметкерлерді қысқартатынын онлайн түрде ескертетін болады

Жұмыс берушілер қызметкерлерді қысқартатынын онлайн түрде ескертетін болады

Жұмыс берушілердің ыңғайлылығы үшін enbek.kz Электрондық еңбек биржасында мемлекетттік органдарды "қызметкерлердің қысқартылатыны жайлы" хабардар ететін функционал іске қосылды.

Жұмыс берушілердің ыңғайлылығы үшін enbek.kz Электрондық еңбек биржасында мемлекетттік органдарды "қызметкерлердің қысқартылатыны жайлы" хабардар ететін функционал іске қосылды.
ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 28-бабына сәйкес барлық ұйымдардың кадрлық бөлімдері «қызметкерлерді жұмыстан босататыны» туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталықтарына алдын-ала беруге міндетті. Осы уақытқа дейін кадр бөлімінің қызметкерлері арнайы қағаз құжаттарды толтырып, оны өздері барып тапсыруға беруге мәжбүр болатын.
Енді бұл рәсім барынша жеңілдетіліп, жеделдетілді. Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасы порталындағы жеке кабинетінде қызметкерлердің санын, олардың жалақы мөлшерін, лауазымын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыстан шығу себептерін (қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруы, жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуы, Кәсіпорынды тарату, өндіріс пен орындалатын жұмыстар мен қызметтер көлемінің төмендеуі), сондай-ақ босатылатын мерзімді көрсете отырып «алдағы уақытта қызметкерлерді қысқартатыны» туралы мәліметтерді толтыра алады, – делінген хабарламада.
Қызметкерлерді қысқарту туралы деректерді беруді автоматтандыру – жұмыссыз қалған азаматтарға уақтылы жаңа жұмыс орындарын табуға септігін тигізеді.
13 маусым 2020 ж. 587 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 86

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 84

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 71

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930