Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Белгіленген жұмыс мерзімінде сапалы орындалуы тиіс"

"Белгіленген жұмыс мерзімінде сапалы орындалуы тиіс"

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев күні кеше өткен аппарат мәжілісінде Қазалыда жөнделіп жатқан жолдардың сапасы мен мерзіміне аса қатты мән беру қажеттігін айтқан болатын.
Осыған орай бүгін Қазалы қаласына арнайы барып, жөнделіп жатқан 10 көшенің жұмыстарымен танысты. Аудан басшысына қазіргі таңдағы атқарылған жұмыстар жөнінде «Кочевник» ЖШС директорының орынбасары Шаймерден Махантаев айтып берді.
Серіктестік жауапты қызметкерінің айтуынша бүгінгі күні 5 көшенің гравийі төселіп болған. Алдағы уақытта ыстық асфальт әкелу үшін Қызылорда қаласындағы асфальт зауыттармен келіссөздер жүргізілгенін жеткізді.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев серіктестіктің жауапты қызметкеріне атқарылуы тиіс жұмыстар бекітілген кестеден қалып келе жатқанын қатаң ескертті.
– Қазалы қаласындағы 10 көшені қайта жаңғыртудан өткізуге небәрі 2 айдан аса уақыт берілген. Жұмыстарды аяқтау үшін тура бір ай ғана уақыт қалды. Ал Сіздердің жұмыстарыңыз тым сылбыр. Мына түрлеріңізбен Сіздер жұмысты уақытысында аяқтай алмай қаласыздар ма деп қорқамын. Оның үстіне жобада көрсетілген ыстық асфальтты Қызылорда қаласынан тасымалдаймыз деп отырсыздар. Оның сапасы қалай болады? Неге жергілікті асфальт зауыттарымен сатып алмайсыздар. Осы жағын қарастыру қажет, – деген аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала мамандарына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
– Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты мерзімінде игеруіміз қажет екенін жақсы білесіздер. Сондықтан маған ұсыныстарыңызды айтыңыздар. Мүмкін үлгере алмай жатқан кейбір көшелерді жергілікті жол мамандарына бергеніміз дұрыс болар, – деді аудан басшысы.
Қазалы қаласына сапары кезінде аудан басшысы Ш.Уәлиханов көшесінде жақында ғана аяқталған лоток орнату жұмысымен танысты. Қазалы қаласының әкімі Рахметулла Ізтілеу қала бойынша екі су айдау насосы бар екенін айтты. Жақында бюджеттен қаржы бөлініп, бір су айдайтын насос сатып алынғанын жеткізді.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

13 маусым 2021 ж. 711 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930